Сұрақтар мен жауаптар

Бұл жерде «3.2.1. Старт!» жобасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілген. Егер бұл бетте сіздің сұрағыңызға жауап табылмаса, бізге хат жазыңыз: hotline@cci.com.kz

Бұл жобаның мақсаты неде?

«3.2.1. Старт!» жобасы 18-29 жас аралығындағы колледж және ЖОО студенттері мен жас мамандарға арналған. Бұл жоба жастардың экология саласындағы бастамаларын қолдап, оларды танытып, елде эко-қоғам құруға бағытталған.

Жобаға кімдер қатыса алады?

Жобаға өз өңірінің экологиялық проблемаларын шешуге көмектескісі келетін Қазақстан Республикасының жас азаматтары қатыса алады.

«3.2.1. Старт!» жобасы қатысушыларына қойылатын жалпы талаптар:

  • 18-29 жас аралығы;
  • Белсенді өмірлік позиция;
  • Өзінің айналысында команда құра білу;
  • Проблеманы егжей-тегжейлі түсіну және оның әлемдегі ең тиімді шешімін білу;
  • Қоғам өмірін жақсарта алатын идеяның болуы;
  • Жобаға қатысу үшін уақыт бөлуге дайын болу.
Жобаға қатысушының жасына шектеу қойылады ма?

Иә, біз жасы 18-ге толмаған және 29-дан асқан тұлғалардан өтінім қабылдамаймыз.

Егер жоба авторының жасы 18-ге толмаған болса, ол жобаға қатыса алады ма?

Қатыса алады, бірақ тікелей өтініш білдіруші ретінде емес, тек команда мүшесі ретінде ғана.

Жобаға қандай көлемдегі команда қатыса алады?

Ол команда ерекшелігіне байланысты. «3.2.1. Старт!» жобасына қатысатын команда көлеміне шектеу қойылмайды.

Егер мен 2018 жылы сайысқа қатысқан болсам, биыл да оған қатыса аламын ба?

Иә, қатыса аласыз. Өткен жылдардағы сайыс қатысушыларына шектеу қойыламайды.

2019 жылғы жобаның басты күндері қандай?

Жобаға өтінім қабылданатын соңғы күн?

Күнтізбенің жаңаруын «Қатысу шарттары» тармағында немесе біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда (Instagram @321_start және Facebook @321startkz) көріңіз. Мысалы, жобаның 3-маусымына өтінім қабылдау 2018 жылдың 1-қыркүйегі мен 31-желтоқсаны аралығында жүргізілді.

Бір қатысушы 2 не одан көп жоба ұсына алады ма?

Бір қатысушы сайысқа шексіз көлемдегі жұмыстарын жібере алады. Тек, әр жұмыс жеке өтінім ретінде рәсімделуі тиіс. Егер жартылай финалға сіз ұсынған 2 не одан көп жоба өтсе, сайысты жалғастыру үшін сіз олардың тек біреуін ғана таңдай аласыз.

Жоба қай тілде орындалуы тиіс?

Орыс, қазақ және ағылшын.

Нәтижелер қашан және қалай жарияланатын болады?

Жартылай финалға шыққандардың тізімі жоба сайтында жарияланады. Сонымен қатар, жартылай финалшылар сайтта тіркелген кезде көрсеткен электронды поштаға тиісті хат жіберіледі.

Жобалар қандай критерийлер бойынша бағаланады?

Әділқазылар жобаларды келесі критерийлерге сәйкес бағалайды:

  • Ел экологиясына ауқымды көлемде ықпал етуі
  • Жүзеге асырылу мүмкіндігі
  • Нәтижелі ұзақ мерзімді әлеуеті
  • Жоба нәтижелерінің тұрақтылығы
  • Жаңашылдық
  • Масштабталулық
Жобаның басты бағыттары қандай?

3-маусымның басты мақсаттары:

  • Қаптама қалдықтарын оңтайлы пайдалану.
  • Су ресурстарын тазалау, сақтау және қайта толтыру.
  • Қаланы жасылдандыру және көркейту.
Менің өтінімім жеткенін қалай білуге болады?

Өтінім қабылданған жағдайда өтінім берушіге тиісті жауап жіберіледі.

Егер менің жобаға қатысатыным туралы тиісті жауап келмеген болса?

Сіз жіберген файл конкурстың техникалық талаптарына сәйкес екендігін тексеріңіз, немесе өтінімді мына поштаға жіберіңіз: andrey@ef-ca.org

Жобаның жүлде қоры қанша?

Жүлденің жалпы сомасы – 3 млн. тг. Бұл сома жоба финалисттері арасында әртүрлі пропорцияда бөлінуі мүмкін. Жүлде сомасын арнайы республикалық комиссия орнатады. Комиссияға Қазақстанның ресми және қоғамдық тұлғалары кіреді.

Жоба BootCamp-ке қатысу шығындарын өтейді ме?

10 финалисттің жоба шараларына қатысу шығындары, яғни орналасу, тамақтандыру және транспорттық шығындары жоба есебінен өтеледі. Егер қатысушы шара өтетін елді-мекеннің тұрғыны болса, жоба тек тамақтандыру шығындарын өтейді.

Мен жеңіске жеткен жағдайда жүлде сомасы қайда аударылады?

Грант тек қана жобаны іске асыру үшін беріледі. «3.2.1 – СТАРТ!» жобасының жеңімпаздарына қолма-қол ақша берілмейді. Жүлде сомасы жеңімпазға материалдық көмек түрінде беріледі (жабдықтар, қызметтер – олардың тізімі сіздің сметаңызға сәйкес құралады, бірақ жалпы сома жоба аясында берілетін сомадан аспауы тиіс).

Сайтқа видео жүктелмейді. Не істеу қажет?

Файлдың техникалық сәйкестігін тексеріңіз немесе өтінімді кез-келген басқа жолмен жіберіңіз. Толық ақпарат «Қатысу шарттары» бөлімінде жазылған.