Компания туралы

Бүгінгі таңда елімізде сан түрлі әлеуметтік және экологиялық проблемалар бар. Олардың шешімін табуға дарынды, немқұрайлы емес жастар көмектесе алады.

Жастардың бастамаларын қолдау мақсатында, ССІ Қазақстан 2017 жылы «3.2.1.Старт!» жобасын құрды.  «3.2.1. Старт!» жобасы 18-29 жас аралығындағы - колледж студенттері, университеттер, жас мамандар үшін арналған. Бағдарлама қоршаған ортаны жақсартуға дайын белсенді жастардың қоғамдастығын құруға бағытталған.

Бағдарламаның ең белсенді қатысушылары бірегей акселерацияға қатысады, қарқынды оқыту курстарынан өтеді, тәлімгерлермен бірге өз жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін алады. Ал жеңімпаздар болса өз идеяларын жүзеге асыру үшін гранттар алады.

2017 жылы біз сіздерден 80-нен астам өтінім алдық. Он шақты жартылай финалистер оқыту- дайындық вебинарларынан өтті, түрлі салалардың мамандарымен кеңесті.

2018 жылы бізге 75-тен астам өтінім түсті. Жобаның ең үздік 10 қатысушысы Impact Hub Almaty алаңында  инкубациялық бағдарламаны өтіп, тәжірибелі жаттықтырушылармен өз жобаларын талдады.

Өткен маусымның жеңімпаздарының жобаларымен «Қатысушы» бөлімінде таныса аласыздар.
Қазіргі уақытта жобаның үшінші маусымына өтінім қабылдау аяқталды. Барлығы 142 өтінім түсті.

Баршаңызға сәттілік пен шабыт тілейміз!