Қатысу шарттары

Жобаның әрбір қатысушысы бүкіл Қазақстанға өз атын шығарып, есімін елге таныта алады, онымен қатар белгілі кәсіпкерлердің тәлімгерлік бағдарламасынан өтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосудың нақты мүмкіндігін алады.

Өз өңірінің экологиялық проблемаларын шешуге көмектесуге ниеті бар кез-келген 18-35 жас аралығындағы жастар жобаға қатысуға өтінім бере алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді жіберу үшін ыңғайлы әдістердің бірін пайдалануға болады:

І. Instagram арқылы: Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз: http://instagram.com/321_start.

Өз парақшаңызда идеяңыз туралы қысқаша мәліметіңіз бен өзіңіз туралы ақпаратыңыз бар бейнебаян немесе постпен бөлісіңіз – біздің парақшаны белгілеуді және хэштег #321старт_3сезон белгісін қоюды ұмытпаңыз.

ІІ. Сайт арқылы: Өтінімді біздің сайтта www.321start.kz қалдырыңыз.

ІІІ. Электронды пошта арқылы:
Келесі электронды мекенжайға өз идеяңыз бен өзіңіз туралы қысқаша ақпарат немесе бейнебаян жолдаңыз: hotline@cci.com.kz.

Қатысу үшін:
Сіз өзіңізге ыңғайлы нысанда идеяңыздың сипаттамасы мен өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты өтінім түрінде жіберіңіз: бейне хабарлама, қысқаша ақпарат, материалдарға сілтеме, пост, презентация және т.б.

Қатысу критерийлері:

  • Жасы: 18-35 жас;
  • Қазақстан Республикасының резиденті (Қазақстан Республикасының аумағында тұратын);
  • Белсенді өмір сүру ұстанымы;
  • Маңында команда топтастыру қабілеті бар;
  • Мәселені жан-жақты түсіну және оны шешудің әлемдегі ең үздік тәжірибесін табу;
  • Қоғамның өмірін жақсыға өзгертетін идеясы болуы;
  • Жобаға табысты қатысу үшін уақыттың 100 пайызын жұмсауға дайын болуы!

4-ші маусымының тақырыптық басымдықтары:

  • Қаптама қалдықтарын тиімді пайдалану.
  • Су ресурстарын тазарту, сақтау және толықтыру.
  • Қаланы көгалдандыру және көріктендіру.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына байланыс мекен-жайына хабарласыңыз:
E-mail: hotline@cci.com.kz

Instagram: https://www.instagram.com/321_start/